30.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық спортшы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Нұрайым Саяхмет  Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жерлесіміз 69 келіге дейінгі салмақта үшінші орыннан көрінді.

Нұрайым Саяхмет қола жүлде үшін өткен белдесуде қырғызстандық Аяна Асамаликовадан басым түсті.