18.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық Шарлаимов семсерлесуден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстандық Шарлаимов семсерлесуден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Вадим Шарлаимов қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшы шпага бойынша жекелей сында үшінші орынға ие болды.

Жартылай финалда ол жапондық Масару Ямадаға жол берді. Турнир жеңімпазы – Ван Цзыцзе (Қытай), күміс медаль – Ямадада. Екінші қола жүлдені қытайлық Синькунь Чжан еншіледі.

Қазақстан құрамасынан басқа нәтижелер:

  • Руслан Курбанов – 7-орын

  • Кирилл Проходов – 9-орын

  • Ерлік Сертай – 10-орын.