20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық садақшылар Азия кубогының қола жүлдесі үшін матчта жеңіліп қалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстандық садақшылар Азия кубогының қола жүлдесі үшін матчта жеңіліп қалды

Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогының кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей тоқтады. «Классикалық садақ» санатында микст бағдарламасында ел намысын Ілфат Абдуллин мен Самира Жұмағұлова қорғады.

Жартылай финалда қазақстандықтар Индонезия командасына 2:6 есебімен есе жіберді.

Қола медаль үшін өткен кездесуде Қазақстан дуэті Сингапур құрамасына 3:5 есебімен жол беріп, жүлдесіз қалды.

Ал блочтық садақ атудан Қазақстанның аралас құрама командасы финалға дейін жетті. Олар 20 маусым күні алтын медаль үшін Үндістанмен кездеседі.