30.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық Құламбаева Сербиядағы ITF турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық Құламбаева Сербиядағы ITF турнирінде жеңіске жетті

WTA рейтингінде 306-орында тұрған қазақстандық Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Бане қаласында өткен ITF турнирінің жалғыз разрядтағы жеңімпазы атанды.

Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші — әлемдік рейтингте 751-орында тұрған сербиялық спортшы Драганья Вуковичті жеңді. Матч 6:4, 7:6 есебімен аяқталып, 2 сағат 1 минутқа созылды.

Жібек Құламбаева үшін бұл 2025 жылдағы үшінші титул — бұған дейін 25 жастағы спортшы Мадрид пен Висбаденде өткен жұптық разряд турнирлерінде жеңіске жеткен болатын.