27.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық қақпашы Павленко америкалық ECHL лигасында ойнайтын болады

Қазақстандық қақпашы Павленко америкалық ECHL лигасында ойнайтын болады

Shaiba.kz хабарлауынша, қазақстандық қақпашы Максим Павленко шығыс жағалау хоккей лигасы ECHL-дегі «Уиллинг Нэйлерс» командасына ауысты.

«Уиллинг Нэйлерс» — НХЛ-дегі «Питтсбург Пингвинз» және АХЛ-дегі «Уилкс-Барри/Скрантон Пингвинз» атақты клубтарының фарм-командасы.

23 жастағы қақпашы жаңа командада өз ойынын бастап үлгерді — екі кездесуде шайбаларды қайтару көрсеткіші 84,6% құрады, сенімділік коэффициенті 5.0 болды.

Әлем чемпионатынан кейін Павленко АХЛ-дегі «Уилкс-Барре/Скрантон Пингвинз» командасымен келісімшартқа отырған — маусым алдындағы ойында «Херши Беарз» командасын буллиттер сериясында 2:1 есебімен жеңуге көмектесті.