22.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық ММА файтері ACA дебюті алдында салмақ нормасын орындай алмады

Қазақстандық ММА файтері ACA дебюті алдында салмақ нормасын орындай алмады

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов ACA лигасындағы дебюттік жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу барысында қажет көрсеткішке жете алмады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына  сілтеме жасап.

Хамитов таразыда 78,2 кг көрсетіп, орта салмаққа рұқсат етілген шекті 100 граммға асырды.

Қуаттың қарсыласы — Анатолий Бойко.