04.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық маман УЕФА Конференция лигасы іріктеу матчына делегат болып тағайындалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстандық маман УЕФА Конференция лигасы іріктеу матчына делегат болып тағайындалды

Қазақстандық футбол функционері Аян Әлжанов УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі матчқа делегат ретінде қатысады. Ол Арменияның «Арарат-Армения» және Румынияның «Университатя Клуж» клубтары арасындағы кездесуде УЕФА атынан ресми өкіл болады.

Ойын 24 шілде күні Армения астанасындағы «Ереван футбол академиясы» стадионында өтеді. Матчтың басталуы Астана уақытымен 21:00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, УЕФА матчтық делегаты — Еуропа футбол қауымдастықтары одағының ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастырушылық жиындарға жетекшілік етеді, стадионның инфрақұрылымдық және спорттық дайындығын тексереді, сондай-ақ қауіпсіздік пен регламент талаптарының сақталуын қадағалап, матч қорытындысы бойынша есеп тапсырады.