05.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық клубтың бас бапкері ҚХЛ-дың ең тәжірибелі мамандары қатарына кірді

Қазақстандық клубтың бас бапкері ҚХЛ-дың ең тәжірибелі мамандары қатарына кірді

2025 жылғы маусымаралық кезеңнің қорытындысы бойынша Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) жаңартылған бапкерлер құрамы қалыптасты. 61 жастағы «Барыс» клубының бас бапкері Михаил Кравец ең тәжірибелі мамандардың бірі саналады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Belarushockey.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл статистиканы журналист Павел Лысенков келтірген.

Лиганың ең жасы үлкен бапкері — 75 жастағы Владимир Крикунов, ол биыл «Сочи» клубын тізгіндеді. Сондай-ақ, ең егде жастағы мамандар қатарына Игорь Ларионов (СКА, 64 жаста), Боб Хартли («Локомотив», 64), Жерар Галлан («Куньлунь», 61) және Михаил Кравец («Барыс», 61) кіреді.

ҚХЛ бас бапкерлерінің жасы бойынша толық тізімі (2025 жылдың тамызына сәйкес):

75 лет: Владимир Крикунов («Сочи»).

64: Игорь Ларионов («СКА»), Боб Хартли («Локомотив»).

61: Жерар Галлан («Куньлунь»), Михаил Кравец («Барыс»).

59: Игорь Гришин («Нефтехимик»), Дмитрий Квартальнов («Динамо-Мн»).

57: Бенуа Гру («Трактор»), Александр Гальченюк («Амур»).

54: Ги Буше («Авангард»), Алексей Жамнов («Спартак»), Алексей Кудашов («Динамо М»), Леонид Тамбиев («Адмирал»).

53: Борис Миронов («Лада»).

52: Андрей Козырев («Северсталь»), Игорь Никитин («ЦСКА»).

51: Андрей Разин («Металлург»).

50: Николай Заварухин («Автомобилист»), Виктор Козлов («Салават Юлаев»).

49: Алексей Исаков («Торпедо»), Анвар Гатиятулин («Ак Барс»), Вадим Епанчинцев («Сибирь»).