11.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына жолдама алды

Қазақстандық Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына жолдама алды

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында карате сайыстары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы Никита Тарнакин 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды.

Никита 1/8 кезеңде Камерун өкілі Лостси Фосоны, ал ширек финалда Мидона Фалехті (Алжир) тізе бүктірді. Ал жартылай финалда Мелоса Гашиді (Албания) ойсырата жеңді.