25.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық хоккейші Финляндия чемпионатында шайба соқты

Қазақстандық хоккейші Финляндия чемпионатында шайба соқты

Жастар арасындағы кезекті Финляндия чемпионатының соңғы кездесуінде қазақстандық хоккейші Александр Ким өнер көрсететін «Эссят» командасы «Йокеритті» 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық шабуылшы матчта шайба соқты.

Биылғы маусымда 20 жастағы хоккейші жастар арасындағы Финляндия чемпионатында 15 кездесу өткізіп, 27 ұпай (11 шайба, 16 нәтижелі пас) жинады.