21.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық гимнасттар әлем чемпионатының финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстандық гимнасттар әлем чемпионатының финалына шықты

Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында жекелеген жаттығулар бойынша финалистер анықталды.

Қазақстан құрамасынан үш спортшы үздік сегіздікке еніп, медаль үшін таласуға мүмкіндік алды.

Милад Карими еркін жаттығу бағдарламасында 14.133 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.
Нариман Құрбанов ат снарядындағы іріктеу кезеңінде ешкімге дес бермей, ең жоғары — 14.700 ұпай көрсетті.
Сонымен қатар, Зейнолла Идрисов та осы снарядтағы финалға өтіп, 14.300 ұпаймен жетінші орынға табан тіреген.

Еркін жаттығу мен ат снарядындағы финалдық сайыстар 24 қазанда, ал қоссырықтағы жаттығулардың жүлдегерлері 25 қазанда анықталады.

Өкінішке қарай, Дияс Тойшыбек, Дмитрий Патанин және Ілияс Азизов финалға өте алмады.