21.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық гимнастшылар Ташкенттегі Челлендж кубогының кезеңінде үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнастшылар Ташкенттегі Челлендж кубогының кезеңінде үш медаль жеңіп алды

Olympic.kz хабарлағандай, Ташкентте өткен спорттық гимнастикадан Челлендж кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы үш медаль иеленді.

Ерлер арасында параллель брустардағы жарыста Ильяс Әзізов — 13.100 ұпай жинап екінші орынды, ал Дмитрий Патанин 12.700 нәтижемен — қола жүлдегер атанды. Бұл сайыста алтын медальді өзбекстандық Ахрорхон Темирхонов 13.550 ұпаймен жеңіп алды.

Әйелдер арасында бөренедегі бәсекеде Көркем Ербосынқызы — 12.100 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Алжирлік гимнастшы Кайлия Немур 13.300 ұпаймен жеңімпаз атанса, күміс медальді өзбекстандық Одинахон Робиджонова 12.500 көрсеткішпен иеленді.