21.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық гимнастика спортшылары әлем кубогында топ жарды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстандық гимнастика спортшылары әлем кубогында топ жарды

Котбус (Германия) қаласында өткен гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде қазақстандықтар Данил Мусабаев пен Никита Тумаков алтын медаль жеңіп алды.

Олар синхронды секіруде 52,200 ұпай жинап, бірінші орынға тұрақтады. Екінші орынға Германия спортшылары Кайо Локстерман мен Фабиан Фогель (52,050) ие болса, қола жүлдені Ұлыбритания өкілдері Зак Перзаманос пен Кори Уолкс (51,530) еншіледі.

Бұл жеңіс қазақстандық батут гимнастикасы тарихындағы ірі жетістіктердің бірі болып саналады.