20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық гимнастар Кубоктық кезеңнің алты финалына жолдама алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстандық гимнастар Кубоктық кезеңнің алты финалына жолдама алды

Ташкентте (Өзбекстан) спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінің іріктеу кезеңі аяқталды.

Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар алты финалға қатысу құқығын жеңіп алды.

Дмитрий Патанин шығыршықтағы және қоссырықтағы жаттығулар бойынша финалға өтті.

Ат үстіндегі жаттығуда бірден екі қазақстандық финалда бақ сынайды – Зейнолла Идрисов пен Диас Тойшыбек.

Тіреуіштен секіруде Алтынхан Темірбек, ал қоссырықта Ілияс Әзізов іріктеуден сәтті өтіп, шешуші кезеңге жолдама алды.