15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық футболшы испаниялық клубпен келісімшартқа отырды

Қазақстандық футболшы испаниялық клубпен келісімшартқа отырды

Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Данил Анкудинов ресми Испанияның екінші мықты дивизионы Сегундада өнер көрсететін «АД Сеута» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы испаниялық клубтың ресми әлеуметтік желілерінде хабарланды. Келісімнің егжей-тегжейлері көрсетілмеген.

Айта кетейік, Анкудинов өткен маусымда Испанияның бесінші дивизионындағы «Менсахеро» сапында ойнаған болатын. 21 жастағы шабуылшы барлық турнирлерде 16 гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Бұған дейін ол «Шериф», «Ван», «Джюгас» және «Днепр-Могилев» командаларында ойнаған.