24.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық футболшы ару жол апатынан қайтыс болды

Қазақстандық футболшы ару жол апатынан қайтыс болды

«Жеңіс» футбол клубы Виктория Кайсаринованың отбасы мен жақындарына осы қайғылы жағдайға байланысты терең қайғырып, көңіл айтады.

Бүгін Павлодар-Астана тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан біздің команданың футболшысы Виктория Кайсаринова көз жұмды. Жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамаған. Осы жағдай жүк көлігімен соқтығысуға әкелді.

Бұл жағдайға әлі де сену қиын. Бұл біздің бүкіл клуб үшін ауыр және орны толмас қаза. Виктория жарқын ойыншы және нағыз дос болды. Біз оның отбасымен, туыстарымен және жақындарымен бірге қайғырамыз. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, — деп жазды елордалық клубтың баспасөз қызметі.