13.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық футбол клубтарының еурокубоктағы алғашқы қарсыластары қашан анықталады

Қазақстандық футбол клубтарының еурокубоктағы алғашқы қарсыластары қашан анықталады

Қазақстандық футбол клубтарының еурокубоктағы алғашқы қарсыластары қашан анықталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Еурокубоктың жеребе тарту рәсімі 17 маусымға белгіленген. Бұл күні қазақстандық клубтар Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференция лигасындағы қарсыластарын анықтайды.

Биыл Чемпиондар лигасында ел намысын алматылық «Қайрат». қорғайды. Аталған турнирдің алғашқы кезеңі 8-9, 15-16 шілде күндері өтеді.

Ал Еуропа лигасында «Ақтөбе» бақ сынайды. Ақтөбелік клуб 10-17 шілдеде бірінші және қарымта ойындарын өткізеді.

Ал Конференция лигасында шымкенттік «Ордабасы» бірінші іріктеу кезеңінен бастайды. Бұл ойындар 10-17 шілде күндеріне белгіленген. Аталған турнирде «Астана» екінші іріктеу кезеңінен сайысқа түседі. Олардың қарсыласы 18 маусым күні анықталады. Екінші іріктеу кезеңі 24 және 31 шілдеде өтеді.