20.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық ескекшілер Вьетнамдағы Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Қазақстандық ескекшілер Вьетнамдағы Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Қазақстан ескек есу федерациясының мәліметінше, ұлттық құрама Хайфондағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп — спортшылар әр түрлі деңгейдегі бес медаль жеңіп алды.

Әйелдер сегіздігінде рульдікпен 2000 метр қашықтықта күміс медальді Медина Қоңырбаева, Варвара Белоногова, Анжела Полянина, Анастасия Кулинич, Мелани Жакупова, Екатерина Носкова, Тамара Первушкина, Валентина Волкодавова және Мария Лебедева жеңіп алды.

Жеңіл салмақтағы жарыстарда Мария Чернец әйелдер арасында жекелей сында, сондай-ақ Владислав Яковлев пен Иван Чернухин ерлер жұптық жарысында қола медальға ие болды.

Финалдың бірінші күнінде жеңіл салмақтағы әйелдер төрттігінде Роза Кеңес, Мария Чернец, Екатерина Носкова және Ирина Чудина күміс жүлдегер атанса, Артем Матусевич жеңіл салмақтағы ерлер жекелей сынында қола жүлдегер атанды.

Құрлықтық біріншілікке 18 елден 232 спортшы қатысты.