04.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық екі боксшы желтоқсан айында титул үшін жұдырықтасады

Қазақстандық екі боксшы желтоқсан айында титул үшін жұдырықтасады

Adal Promotions менеджері Жанпейс Назарғали Meta-ratings.kz басылымына берген сұхбатында Елшат Нығметолла мен Армат Арманұлының 20 желтоқсанда Алматыда өтетін RD Boxing турнирінде рингке оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі спортшы да өз салмақ дәрежелерінде WBA Asia чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.

Айта кетейік, Армат Арманұлы қазан айында мексикалық Сесаро Гонсалесті мерзімінен бұрын жеңсе, Елшат Нығметолла көктемде намибиялық Филлемон Нгутенаньоға қарсы титулын сәтті қорғаған болатын