13.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық дзюдошы Будапешттегі ӘЧ-нің алғашқы кезеңінде жарыс жолынан шығып қалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстандық дзюдошы Будапешттегі ӘЧ-нің алғашқы кезеңінде жарыс жолынан шығып қалды

Будапештте (Венгрия) дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Olympic.kz хабарлауынша, татамиге шыққан алғашқы қазақстандық спортшы – 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Галия Тынбаева болды.

Бастапқы белдесуде ол Нидерланд елінің өкілі Эмбер Херсйэспен күш сынасты.

Кездесу соңында қарсыласы нәтижелі әдіс жасап, жеңіске жетті. Осылайша, Тынбаева жеке жарыстағы қатысуын аяқтады.

Айта кетейік, бұл салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан тағы бір дзюдошы – Әбиба Әбужақынова да сынға түседі.