04.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Маңғыстау облысының спортшылары Қайрат Бурбасов пен Оразалы Төлеев Парижде өткен дзюдодан әлем чемпионатында жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қайрат Бурбасов барлық қарсыласын, соның ішінде финалда атыраулық Мейрамбек Есмағанбетті жеңіп, әлем чемпионы атанды. Ол Маңғыстау облысынан шыққан алғашқы әлем чемпионы.

Оразалы Төлеев Грузия, Германия және Марокко спортшыларын жеңіп, финалдағы қарсыласына аз айырмашылықпен ұтылып, күміс медаль иеленді.