22.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық Бублик Галледегі ATP 500 турнирін сенсациялық жеңіп алды

Қазақстандық Бублик Галледегі ATP 500 турнирін сенсациялық жеңіп алды

Қазақстан өкілі Александр Бублик — әлемнің 45-ші ракеткасы — Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 турнирінде жеңіс тұғырына көтерілді.

Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші әлемнің 11-ші ракеткасы Даниил Медведевті 6:3, 7:6 есебімен жеңді — бұл Бубликтің 2025 жылдағы ATP турнирлеріндегі алғашқы титулы.

Трофейге жету жолында Бублик әсерлі жеңістер тізбегін көрсетті:

  • Әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді
  • Әлемнің 23-ші ракеткасы Томаш Махачты
  • Әлемнің 21-ші ракеткасы Карен Хачановты
  • Әлемнің 11-ші ракеткасы Даниил Медведевті

Айта кетейік, биылғы жылдың мамыр айында қазақстандық теннисші Италияның Турин қаласындағы челленджер турнирінде де жеңімпаз атанған болатын.