03.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық боксшының қарсыласы ауысты

Қазақстандық боксшының қарсыласы ауысты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров (7-0, 5 КО) келесі жекпе-жегін 14 маусым күні Ганноверде (Германия) өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Темировтың қарсыласы ауысты. Боксшының жаңа қарсыласы ретінде польшалық Матеуш Павловскидің (3-5, 2 КО) орнына тағы бір Польша боксшысы Лукаш Барабаш (4-16, 2 КО) болады. Орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, неміс жанкүйерлері Виктор Темировты жас кезіндегі Геннадий Головкинмен жиі салыстырады. GGG де кәсіпқой мансабын Германияда бастады және керемет нокауттарымен көзге түскен болатын.