29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық боксшылар Бангкоктегі Thailand Open турнирінде қола жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар Бангкоктегі Thailand Open турнирінде қола жеңіп алды

Бангкокте өтіп жатқан Thailand Open-2025 халықаралық турнирінде Қазақстан өкілдері — Нұрсұлтан Алтынбек пен Данияр Рахимбердинов жартылай финалда өнер көрсетуін аяқтады.

55 келі салмақ дәрежесінде Нұрсұлтан Алтынбек жергілікті спортшы Саравут Суктхетпен кездесті — төрешілердің бөлінген шешімімен тай боксшысы жеңіске жетті. 90 келі салмақта Данияр Рахимбердинов қытайлық спортшы Хан Сюэчжэньнен төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілді.

Турнирдің кешкі сессиясында финалға шығу үшін тағы үш қазақстандық боксшы күреседі:

  • Виктория Графеева (60 кг)
  • Гүлсая Ержан (80 кг)
  • Дулат Бекбауов (65 кг)

Thailand Open турнирінің финалдық жекпе-жектері 1 маусымда өтеді.