05.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық боксшылар Астанадағы Әлем кубогында 14 жартылай финалдық кездесу өткізеді

Қазақстандық боксшылар Астанадағы Әлем кубогында 14 жартылай финалдық кездесу өткізеді

Астанадағы World Boxing Әлем кубогында бүгін қазақстандық боксшылардың қатысуымен жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді — трансляцияны Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Сағат 14:00-де басталатын күндізгі сессияда қазақстандық спортшылардың қатысуымен алты жекпе-жек өтеді. Олардың қатарында — Назым Қызайбай, Виктория Графеева, Наталья Богданова, Санжар Ташкенбай, Нұрбек Оралбай және Бекзат Нұрдәулетовтің жекпе-жектері бар.

  • Назым Қызайбай (48 кг) — Хикару Синохара (Жапония)
  • Виктория Графеева (60 кг) — Санджу (Үндістан)
  • Наталья Богданова (70 кг) — Патрисия Мбата (Нигерия)
  • Санжар Ташкенбай (50 кг) — Субхан Мамедов (Әзірбайжан)
  • Нұрбек Оралбай (80 кг) — Мерт Айбуга (Түркия)
  • Бекзат Нұрдәулетов (85 кг) — Самет Эрсой (Түркия)

Кешкі сессия сағат 19:00-де басталады — рингке Қазақстанның сегіз өкілі шығады. Финалға жолдама үшін Алуа Балкибекова, Айдана Забынбекова, Аида Абикеева, Надежда Рябец, Махмұд Сабырхан, Ертуған Зейнуллинов, Сабыржан Аққалықов және Айбек Оралбай күреседі.

  • Алуа Балкибекова (51 кг) — Каролин Барбоса де Алмейда (Бразилия)
  • Айдана Забынбекова (57 кг) — Жасмин (Үндістан)
  • Аида Абикеева (65 кг) — Бусеназ Сюрменели (Түркия)
  • Надежда Рябец (75 кг) — Бусра Исильдар (Түркия)
  • Махмұд Сабырхан (55 кг) — Ясен Радев (Болгария)
  • Ертуған Зейнуллинов (65 кг) — Абхинаш Джамвал (Үндістан)
  • Сабыржан Аққалықов (75 кг) — Нихил Дюбей (Үндістан)
  • Айбек Оралбай (90+ кг) — Махаммад Абдуллаев (Әзірбайжан)