27.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық боксшы титулдық айқас өткізеді

Қазақстандық боксшы титулдық айқас өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Тастаев жақын уақытта чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін. Боксшы бұл туралы Sport pulse.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Құдай қаласа тамыз айында шетелде чемпиондық жекпе-жек өткіземіз. Әзірге қандай титул екені құпия болсын. Қарсыласқа келер болсақ, ұйым қандай қарсыласты бекітсе, сонымен шығамын. Осы уақытқа дейін қарсылас таңдаған емеспін және таңдамаймын да. Өйткені чемпиондық айқасқа тек мықтылар ғана шығады. Сондықтан тек қана жақсы жаңалықтар күтіңіздер».

Айта кетейік, Айдос Тастаев соңғы жекпе-жегін осыдан бір ай бұрын Алтай Қожамұратқа қарсы өткізіп, нокаутпен жеңген болатын.