10.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық боксшы Ташкенбай Голливудта Мұхаммед Әлидің жұлдызы жанында суретке түсті

Қазақстандық боксшы Ташкенбай Голливудта Мұхаммед Әлидің жұлдызы жанында суретке түсті

Бокстан әлем кубогының чемпионы Санжар Ташкенбай Лос-Анджелестегі атақты «Даңқ аллеясына» барған сәтімен бөлісті.

Қазақстандық боксшы аңызға айналған Мұхаммед Әлидің жұлдызының жанында суретке түскен — бұл сурет спортшының жанкүйерлерінің ерекше назарын аударды. Сонымен қатар, Ташкенбай танымал туристік қызметті пайдаланып — өз аты жазылған уақытша жұлдызбен суретке түсті.

Еске сала кетейік, Санжар Ташкенбай жақында Астанада өткен бокстан әлем кубогында 50 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иегері атанған болатын.