18.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық боксшы Қазақстан чемпионатының жартылай финалына өтті

Қазақстандық боксшы Қазақстан чемпионатының жартылай финалына өтті

Қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова Семейде өтіп жатқан 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шымкент қаласының намысын қорғайтын спортшы ширек финалда астаналық Сания Сұлтанқызын 4:1 есебімен жеңді.

Жайна Шекербекова — 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері (2016, 2022), екі мәрте Азия чемпионы (2010, 2022) және 2014 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Чемпионат 12-19 қазан аралығында «Абай Аренада» өтуде. Жарысқа еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы (246 ер және 125 әйел) қатысып жатыр.