08.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық боксшы Өзбекстанда титулдық жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Өзбекстанда титулдық жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Тастаев 20 қыркүйек Өзбекстанның Хиуа қаласында титулдық жекпе- жек өткізеді, —  деп хабарлайды Sport Pulse  тілшісі.

Ақтөбелік боксшы мансабында алғаш рет чемпиондық айқас өткізгелі отыр. Оның қарсыласы жеңіліп көрмеген үндістандық боксшы Индерджит Сингх. Жекпе-жек UBO  титулы үшін өтеді.

Айта кетейік, Тастаевтың бұл жекпе-жегі әуелде  8 тамызда Түркияның Ван қаласында өтуі тиіс болған.