11.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық боксшы өзбек боксшысына есе жіберді

Қазақстандық боксшы өзбек боксшысына есе жіберді

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнулинов әлем чмпионатының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz

65 келі салмақта сынға түскен қазақ боксшысы ширек финалда өзбекстандық, Олимпиада чемпионы Асахуджа Муидинхуджаевпен кездесті.

Нәтижесінде, өзбек боксшысы төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті.

Бұған дейін ерлер құрамасынан Бибарыс Жексен (60 келі) Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі) және Сағындық Тоғамбай (90 келі) жарыс жолынан ерте шығып қалған болатын.