08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан World Boxing ұйымының жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Бейбарыс Аширбай финалға жолдама алды.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда ол Оңтүстік Корея өкілі Дже Юнь Лимен кездесті. Бірінші раундта-ақ қарсыласын нокдаунға жіберген Аширбай екінші үш минуттықта бұл әрекетін қайталады. Екінші құлағаннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, айқын басымдықпен жеңісті қазақстандыққа берді.

Осылайша, Бейбарыс Аширбай «алтын» үшін айқасқа қатысады, ал Дже Юнь Ли жарысты қола жүлдемен аяқтады.