15.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы дебюттік жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы дебюттік жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

Қазақстандық боксшы Айдос Медет (13-0, 9 КО) 16 қараша күні таңертең АҚШ-тағы алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Калифорнияның Лонг-Бич қаласында өтетін бокс кешінде мексикалық Давид Рейес Котаға (25-14-2, 13 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. Кездесу алдында екі қарсылас да салмақ өлшеуден өтіп, жеңіл салмақтағы шекті (61,23 келі) жасады.

Айдос Медет кейінгі жекпе-жегін 25 мамырда Ақтөбеде өткізіп, жерлесі Қанағат Манатұлын (9-3, 7 КО) нокаутқа түсіріп, екінші жеңіл салмақта Қазақстан кәсіпқой бокс комиссиясының чемпионы атағын жеңіп алды.