25.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық биатлоншылар Аустриядағы IBU кубогы кезеңінде бақ сынайды

Қазақстандық биатлоншылар Аустриядағы IBU кубогы кезеңінде бақ сынайды

Аустрияның Обертиллиах қаласында өтетін IBU кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан биатлон құрамасының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Аталған халықаралық жарыста ел намысын тоғыз спортшы қорғайды.

Құрамға Александр Мухин, Данил Червенко, Егор Гребенщиков, Ержанат Қуандық, Никита Акимов, Дарья Климина, Адима Қуанышбекова, Лаура Киныбаева және Алина Скрипкина енді.

Айта кетейік, жарыс 4 желтоқсанда басталады.