25.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық бапкердің командасы камбэк жасап, жеңілістен құтылды

Қазақстандық бапкердің командасы камбэк жасап, жеңілістен құтылды

Литва чемпионатының 26-турында Вильнюстің «Жальгирис» клубы сырт алаңда «Хегельман Литауэнге» қарсы ойнап, тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық бапкер Владимир Чебуриннің командасы алғашқы таймды 0:2 есебімен аяқтағанымен, екінші жартысында қарымта қайтарып, матчты тең нәтижемен аяқтады – 2:2.

Каунаста өткен кездесуде алаң иелері сапынан Абдель Кадер Нджойя (8-минут) мен Леонардо Рибейро да Круз (34-минут) гол соқты. Үзілістен кейін Чебурин жасаған тактикалық өзгерістер нәтижесін берді: Ливиу Анталдың пасынан кейін Овидиус Вербицкас (54-минут) есепті қысқартса, 78-минутта Кевин Лукашевич таразы басын теңестірді.

Нәтижесінде «Хегельман Литауэн» 50 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында қалды. «Жальгирис» болса, 37 ұпаймен бесінші орынға жайғасқан.