02.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық балуан Poland Open турнирінде медальға бір қадам жетпей қалды

Қазақстандық балуан Poland Open турнирінде медальға бір қадам жетпей қалды

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Светлана Анкичева Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан ірі турнирде жүлдеге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан жартылай финалға дейін жетті. Алайда финалға шығу үшін өткен белдесуде ол италиялық Эмануэла Люцциге жол берді.

Сондай-ақ, қола медаль үшін өткен кездесуде де жеңіліп қалды. Бұл жолы швейцариялық Свенья Юнго басым түсті.