19.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық балуан Досжан Құл-Ғайып әлем чемпионатында жүлде иеленді

Қазақстандық балуан Досжан Құл-Ғайып әлем чемпионатында жүлде иеленді

Қазақстандық еркін күрес шебері Досжан Құл-Ғайып Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан жастар (20 жасқа дейінгі) арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Proports.kz.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «қола» үшін өткен белдесуде Құл-Ғайып италиялық балуан Рауль Казомен кездесіп, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық спортшы қола медальға ие болса, оның қарсыласы әлем біріншілігін жүлдесіз аяқтады.

Айта кетейік, турнир барысында Досжан Құл-Ғайып эстониялық Николай Тарасовты және грузин Сабу Кобахидзені жеңген еді, алайда ширек финалда қырғызстандық Әділет Ақылбековке есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде Құл-Ғайып канадалық балуан Николас Лиам Хуперден басым түсті.