16.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында жеңіліп қалды

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында жеңіліп қалды

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының спортшысы Камиль Куруглиев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында медальға бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 92 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесті.

Камиль бұл кезеңде ирандық Амирхоссейн Фирузпурбандпеймен күресіп, қарсыласына есе жіберді. Кездесу 0:4 есебімен аяқталды.

Бұл салмақта америкалық Трент Хидлэй жеңіске жетті. Күміс медальді ресейлік Аманула Гаджимагомедов алды. Ал қола жүлденің екінші иегері әзірбайжандық Осман Нурмагомедов болды.