20.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық Александр Ким Финляндия лигасында ресми түрде дебютін өткізеді

Қазақстандық Александр Ким Финляндия лигасында ресми түрде дебютін өткізеді

Финляндия тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті матчта «Эссят» командасы өз айдынында «Пеликанс» клубын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық шабуылшы Александр Ким «Эссят» сапында Ян-Микаэль Ярвинен мен Феету Книхтимен бірге бірінші қатарда ойнайды.

Еске салайық, 17 желтоқсан күні 20 жастағы форвард финляндиялық клубпен екі жылдық келісімшарт жасасқаны белгілі болды. Осы маусымды ол Финляндияның жастар чемпионатында бастаған. Ол 27 кездесуде 43 ұпай (24 гол + 19 нәтижелі пас) жинады.