15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстанда УЕФА Чемпиондар лигасы өтуі мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстанда УЕФА Чемпиондар лигасы өтуі мүмкін

Қазақстан футбол қауымдастығы 2025/26 жылғы маусымда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының төрттік финалын өткізу бойынша ресми түрде өтінім тапсырды.

Финалдық кезең елордадағы «Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында» өтеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Төрттік финал матчтары 2026 жылдың 7-10 мамыр аралығында ұйымдастырылады.