18.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстанда легионерлерді бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстанда легионерлерді бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынды

Қазақстанда «Дене шынықтыру және спорт туралы» жаңартылған заң күшіне енді. Құжат саланы қаржыландыру жүйесіне бірқатар түбегейлі өзгерістер енгізеді.

Басты жаңалық – мемлекеттік бюджет есебінен шетелдік спортшылардың (легионерлердің) еңбекақысын төлеуге тыйым салу. Енді барлық мемлекеттік қаржы тек қазақстандық спортшыларды қолдауға және басым спорт түрлерін дамытуға бағытталады.

Сондай-ақ заңда мынадай өзгерістер қарастырылған:

  • командалық спорт түрлеріндегі клубтарды ұстауға лимит енгізу;
  • 60-тан астам басым спорт түрінің тізімі бекітілді;
  • спорт ұйымдарының басшыларын міндетті түрде ауыстырып отыру (ротация).

Бұл шешім мемлекет шығындарының тиімділігін талдау нәтижесінде қабылданды: бүгінде қаржылай қолдау 180-нен астам спорт түріне көрсетілсе де, тұрақты халықаралық нәтиже тек 14 жазғы және 5 қысқы олимпиадалық спорт түрінен байқалады.

Жаңа шаралар бюджетті оңтайландыруға, ішкі резервті ынталандыруға және қазақстандық спорттың тұрақты даму жүйесін құруға бағытталған.