29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алғашқы алтынды жеңіп алды

Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алғашқы алтынды жеңіп алды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Гумиде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы алтын медалін жеңіп алды.

Дейзи Джепкемей жеңіс тұғырының жоғары сатысына көтерілді.

Жеңіл атлет 10 000 метрге финалда жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы бұл қашықтықты 30:48,44 нәтижемен бағындырды.

Жапониялық Ририка Хиронака мәреге 30:56.32 нәтижемен жетті. Микуни Яда (Жапония) 31:12.21 уақытпен үшінші болып келді.

Қазір біздің құраманың қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық жүгіруде үшінші орын алған болатын.