25.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы «Ертіс» клубына ауысты

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы «Ертіс» клубына ауысты

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы жартылай қорғаушы Абинұр Нұрымбетпен келісім-шарт жасады, деп хабарлады Sport12.kz

20 жастағы футболшы «Тараз» футбол клубының тәрбиеленушісі. Сонымен қатар, ол жезқазғандық «Ұлытау» намысын да қорғаған.

18 жасында Нұрымбет Беларусь чемпионатына ауысып, “Энергетик-БГУ” және “Гомель” сынды танымал клубтарда өнер көрсеткен. Беларусь Жоғары Лигасындағы бір жыл ішінде 23 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 3 нәтижелі ассист жасаған еді. Былтырғы маусымда өзбекстандық «Андижан» клубында ойнап, командамен бірге ел кубогы турнирінде топ жарған.

Биылғы маусымда дарынды футболшы «Тұран» клубына ауысып, Қазақстан Премьер-Лигасында дебют жасады. Түркістандық ұжымда Нұрымбет негізгі ойыншы атанып, чемпионаттағы барлық 13 турда өнер көрсетті. Тіпті, 20 жастағы аяқдопшыға капитандық атақты да сеніп тапсырған ойын болды.

Абинұр Қазақстанның U17, U19 құрамаларында өнер көрсеткен, осы күні еліміздің жастар командасының негізгі ойыншысы болып табылады. Соңғы рет, Андорра құрамасына қарсы жеңісті матчта барлық 90 минутты өткізген еді.