11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы шабуылшысы КХЛ-дың топ-клубынан ауысты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы шабуылшысы КХЛ-дың топ-клубынан ауысты

Қазанның «Ак Барс» клубы шабуылшы Семён Кошелевтің «Адмирал» командасына ауысқанын ресми түрде хабарлады. Ауысым қаржылай өтемақы негізінде жүзеге асқан.

29 жастағы форвард 2024/2025 маусымында FONBET КХЛ аясында 67 матч өткізіп, 13 шайба салып, 8 нәтижелі пас берген. Плей-офф кезеңінде ол 9 ойында екі ұпай жинады.

Усть-Каменогорск қаласының тумасы Кошелев КХЛ-да ЦСКА, «Авангард», «Металлург» және «Ак Барс» клубтары сапында жалпы 546 матчқа қатысқан. Ол бұған дейін Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамалары сапында әлем чемпионаттарына қатысқан. Алайда ЦСКА-ға ауысқаннан кейін ресейлік азаматтық алып, Қазақстан құрамасында ойнаудан бас тартқан болатын.