07.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеуіне дайындықты бастады

Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеуіне дайындықты бастады

Қазақстан U17 жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемионатының іріктеу кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бауыржан Сағындық бастаған Қазақстан U17 құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Жиын аяқталған соң Хорватияға Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне барады.

Қазақстан U17 құрамасы 8 топта Хорватия, Нидерланд және Албанияға қарсы ойнайды.

17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Никита Кильджиев («Шахтер»), Батырхан Серікбай («Жас Қыран»), Богдан Воднев («Қайрат»);

Қорғаушылар: Мәрлен Әміренов, Альфир Ханафи, Ислам Рашидов, Ислам Рахым, Мансұр Авасханов (барлығы – «Қайрат»), Жәнібек Жайлаубек, Мейірлан Балтабай (екеуі де – «Шахтер»), Дінмұхаммед Дайрабай, Сәлім Мінжұлын (екеуі де – «Жас Қыран»;

Жартылай қорғаушылар: Әлихан Жұмабек, Дамир Юсупбеков (екеуі де «Қайрат»), Арман Ахмет, Қалқаман Төлеген (екеуі де «Жас Қыран»), Джан Хожаоглу («Сион» Швейцария), Ринат Бейбітов («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Дәулет Орынбасар, Роман Черноморец, Абылай Жылқайдар (барлығы – «Қайрат»), Расул Әкімов, Александр Яковлев (екеуі де – «Шахтер»), Абылайхан Кенжадоев, Әділбек Тұрдах (екеуі де – «Ордабасы»), Расул Досан («Атырау»)