06.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2027 іріктеуінде Андорраны жеңді

Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2027 іріктеуінде Андорраны жеңді

2027 жылғы Еуропа жастар чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан құрамасы Андорра командасын 1:0 есебімен жеңді.

Елорданың «Астана Арена» стадионында грузиялық төреші Георгий Авазашвилидің басшылығымен өткен ойында Денис Мамоновтың шәкірттері алаң иелері ретінде басымдылық танытты.

Матчтың тағдырын Олжас Байбектің дәл соққысы шешті — 11-ші минутта жартылай қорғаушы қақпаның бұрышына алыстан соққы жасап, доп торға барып тоқтады.

Қазақстан құрамасының бастапқы құрамында алаңға шықты:
* Талыспаев
* Мрынский
* Асқаров
* Саидов
* Нұрымбет
* Байбек
* Есімбеков
* Труфанов
* Валгушев
* Сатпаев
* Тұрғанов

Іріктеу турниріндегі келесі матчты Қазақстан жастар құрамасы қыркүйек басында өз алаңында Англия командасына қарсы өткізеді.