15.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатын 12 медальмен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Отандастарымыз Индонезия астанасы Джакарта қаласында өткен құрлықтық додада 1 алтын, 4 күміс және 7 қола алды.

Ел құрамасынан Іңкәр Құралбай (48 келі) чемпион атанса, Қайрат Жеңісұлы (60 келі), Сапарғали Салхан (81 келі), Егор Раков (90 келі), Шынар Бітімбай (70 келі) күміс, Ерасыл Ержанов (66 келі), Ернар Кеңесхан (73 келі), Ерасыл Нұртаза (100 келі), Бейбарыс Сұлтан (100 келіден жоғары), Сара Шугаева (52 келі), Томирис Ерғали (78 келі), Көркем Бақытбек (78 келіден жоғары) қола жүлдегер болды.

Айта кетсек, дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы саны 2 алтын, 4 күміс және 8 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде 3-ші орынға жайғасты.

Ел құрамасынан Інжу Жұмажан (57 келі), Фархат Зейнолла (50 келі) чемпион атанса, Тоғжан Төлебай (70 келіден жоғары), Бекнұр Амангелді (55 келі), Таңжарық Момынтай (60 келі), Заманбек Бақтығали (66 келі) күміс медаль алды.

Сондай-ақ Әбіш Пердалы (50 келі), Аслан Ерғалиев (55 келі), Зере Талғатқызы (40 келі), Аяжан Ринатқызы (48 келі) және Жанайым Маратбек (52 келі), Ерасыл Болатбек (81 келі), Ұлдана Қожаназарова (70 келі), Ердәулет Жұмабай (90 келі) қола жүлдегер атанды.