05.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионаты алдында Словенияны жеңді

Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионаты алдында Словенияны жеңді

IA дивизионындағы жасөспірімдер арасындағы хоккейден әлем чемпионаты басталмас бұрын, Қазақстан құрамасы алдағы турнирдің қожайындары Словения құрамасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 6:3 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды.

Жеңімпаз команда cапында Тимур Миндубаев, Роман Двуреченский және Асанәлі Саркенов екі гол соқты.

IA дивизионындағы жасөспірімдер арасындағы хоккейден әлем чемпионаты 7-13 желтоқсан аралығында Словенияның Блед қаласында өтеді. Қазақстан жастары Словения, Австрия, Норвегия, Франция және Украина командаларымен кездеседі.