23.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан жастар арасында жағажай волейболынан Азия чемпионы атанды

Қазақстан жастар арасында жағажай волейболынан Азия чемпионы атанды

Таиландта 21 жасқа дейінгілер арасында жағажай волейболынан Азия чемпионаты мәресіне жетті, Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтар Клим Рюхов пен Владислав Мастихин өз тобынан екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Қазақстандық жұп 1/8 финалда Жаңа Зеландияны 2:0 (21:11, 21:16) есебімен тізе бүктірді. Содан кейін ширек финалда аса тартысты ойында Қытайдың екінші жұбынан басым түсті (29:27, 32:30).

Жартылай финалда камбэк жасап, Таиландтан 2:1 (18:21, 21:11, 16:14) есебімен айласын асырды.

Финалда жарыстың фавориті саналған Қытайдың бірінші жұбын 2:0 (21:19, 21:16) есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, Қазақстан жағажай волейболы тарихында 21 жасқа дейінгілер арасында алғаш рет Азияда үздік шықты.

Сонымен қатар Клим Рюхов пен Владислав Мастихин Мексикада өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.