28.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екі жолдастық матч өткізеді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екі жолдастық матч өткізеді

7–13 желтоқсан аралығында Словенияның Блед қаласында хоккейден жастар арасында әлем чемпионатының ІА дивизионы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топ-дивизионға жолдама үшін Франция, Австрия, Норвегия, Словения және Украина командаларымен бақ сынайды.

22 қарашада «Барыс Аренада» оқу-жаттығу жиындарының алғашқы кезеңі басталып, команда кеңейтілген құрамда жаттығулар өткізді. 29 қараша күні құрама Словенияға аттанып, дайындықтың екінші бөлігін жалғастырады. Осы кезеңде екі жолдастық кездесу жоспарланған:

2 желтоқсан – Норвегияға қарсы;
4 желтоқсан – Словенияға қарсы.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын 7 желтоқсанда Украина командасына қарсы өткізеді.