16.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатына өнер көрсетуде

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатына өнер көрсетуде

Қазақстандық жасөспірімдер Филиппинде 14 жасқа дейінгілер арасында жекелей сында басталған Азия чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан намысын Асқар Әмір, Ясмин Дүйсембаева және София Малышева қорғайды.

Қазақстандық жасөспірімдер 2025 жылы табысты өнер көрсетулері нәтижесінде аталмыш жарысқа Азия теннис федерациясынан (АТФ) шақырту алды.

Бұл турнирдің маңыздылығы сол, жеңімпаздар алдағы жылы Аустралия ашық чемпионатының екінші аптасында өтетін Elite Junior Trophy 14 & Under жарысына жолдама алады.

Қазақстандық жасөспірімдер осыған дейін Elite Junior Trophy 14 & Under шеберліктерін таныта білді. Альбина Кәкенова 2023 жылы, Ева Корышева 2024 жылы финалға дейін жетті. 2025 жылы Родион Трайгель тәжірибе жинақтап қайтты.